Тоқаев Қазақстанның халық артисі Болат Аюхановтың отбасына көңіл айтты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы көрнекті мәдениет қайраткері, балет артисі, хореограф, Қазақстанның халық артисі Болат Аюхановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ерекше шығармашылық дарын иесі, өнер майталманы Болат Ғазизұлы отандық мәдениет саласы мен хореография өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры ретінде танылған көркемдік ұжымның негізін қалап, оған ұзақ жылдар бойы жетекшілік етті. Оның балет өнеріндегі туындылары еліміздің және шетел сахналарында қойылды. Болат Ғазизұлы қашанда адамгершілік және рухани құндылықтардан айнымай, өнерге қызмет етті, білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретті. Болат Ғазизұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.

Еске салайық, 13 желтоқсанда балет артисі Болат Аюханов қайтыс болды. Ол 84 жаста еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды