Алматыда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өтті

Сурет: Антикор
Алматыда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай бірқатар іс-шаралар өтті. Осылайша қала айтулы датаны атап өтті.

Еліміздің ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша негізгі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, 7 желтоқсан күні  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мұнда білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі қарастырылған.

8 желтоқсанда Satbaev University ғимаратында тәуелсіз "сompliance-офицера" қызметі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджментті насихаттау бойынша семинар ұйымдастырды.

Осындай кездесулер «Нархоз» университетінде, С.Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ-де, Абай атындағы ҚазҰПУ өтті.

Атаулы датаның ең жарқын оқиғасы – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – адам құқықтарын қамтамасыз етудің қажетті шарты» атты халықаралық дөңгелек үстел, оның барысында АҚШ, Франция, Грузия және басқа да бірқатар елдердің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесімен бөлісті. 

Іс-шараларға мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде шетелдік сарапшылар, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен қоғам қайраткерлері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл апталығының соңында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсене атсалысқан қоғам қайраткерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды