Жаңаөзенде Ұлттық ұланның әскери қызметкері асылып қалды

Сурет: unsplash
Жаңаөзенде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі асылып қалған жерінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа lada.kz сайтына қайғылы оқиға Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болғанын - 19 жастағы жігіт бөлмесінде белбеуге асылып қалғанын айтты. Мәйітті әріптесі тауып алған.

"Марқұм Ұлттық ұлан сапында 2021 жылдан бері қызмет етеді. Ол Ақтөбе облысынан келген. Байланыс маманы-сапер қызметін атқарған. Жігіт үйленбеген. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды. Қазір барлығын нақтылап жатырмыз.". Ерлан Құтқожа

Бұған дейін 2022 жылдың 11 желтоқсанында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ер адам үш баланы асып, артынан асылып өлгені туралы хабар қазақстандықтарды дүр сілкіндірген болатын. 38 жастағы ер адам, сондай-ақ сегіз жасар, төрт жасар, он айлық балаларын асып өлтіргені анықталды. Содан кейін полицейлер оның әйеліне жіберілген жазба табылғанын, онда ер адам өліп, балаларын өзімен бірге алып кететінін мәлімдегенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды