Алматыда түнгі клубтың күзетшілері есірткі таратты деген күдікке ілінді

Сурет: ҚР ҚМ МКК
Алматыдағы түнгі клубта жүргізілген арнайы операция кезінде синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен мекеменің күзетшілері ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, жедел уәкілдер күзет қызметін біраз бақылаған.

"1998 және 2002 жылы туған екі күдікті қала мекемелерінде синтетикалық есірткі таратқан. Олар клиенттерден төлемді онлайн  алған. Тәртіп сақшылары олардан есріткі сатып алғандай болды. Нәтижесінде күдіктілерден 0,55 грамм мефедрон мен 0,40 грамм ПВП есірткісі тәркіленді.Операцияға арнайы жасақтың сарбаздары тартылды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар Алматыға есіркі жеткізу арнасы анықталып жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды