Маск Twitter басшысы қызметінен кететінін хабарлады

Сурет: unsplash
Кәсіпкер Илон Маск 21 желтоқсанда Twitter басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл жұмысқа кірісетіндей ақымақ адамды тапқан кезде мен Twitter-ден бас директор қызметінен кетемін", - деп жазды Илон Маск.

Миллиардер қазіргі қызметінен кеткеннен кейін компанияның бағдарламалық қамтамасыз ету және серверлерге техникалық қызмет көрсету департаменттерін басқаратынын қосты.

19 желтоқсанда Маск сауалнама жүргізуді бастады. Онда ол пайдаланушылардан оның Twitter басшысы лауазымында болуын қолдап немесе қарсы дауыс беруін сұрады. Қызметкерлердің көбі оның кетуін қолдады.

20 желтоқсанда CNBC Илон Маск Twitter-ге жаңа бас директорды белсенді түрде іздеп жатқанын хабарлады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды