Елордада балаларына алимент төлеуден жалтарған сот орындаушы сотталды

Сурет: freepik
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша соты сот орындаушыға 1 жылға бас бостандығын шектеу үкімін кесті. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

Астана қаласының прокуратурасы сот орындаушы алимент төлемегенін анықтады.

"Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша соты сот орындаушы 1 жылға бас бостандығын шектеуге соттады". Астана қаласы прокурорының орынбасары Б. Мизанбаев

Қадағалаушы орган өкілі таратқан мәлімет бойынша, биыл балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 10 борышкер сотталды.





Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды