Мейіржан Төребаев үйқамаққа шығады

Сурет: видео скриншоты
Актер және вайнер Мейіржан Төребаев үй қамаққа босатылды. Ол сегіз ай тергеу изоляторында қамауда отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 26 желтоқсанда Алмалы аудандық сотында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов және Mudabarah Capital қаржы пирамидасын құруға қатысушы өзге де күдіктілер ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Сотталушы орындығында барлығы 12 адам бар. 

Мейіржан Төребаевқа тұрғылықты жерінен кетуге, әлеуметтік желілерді пайдалануға және баспасөзбен сөйлесуге тыйым салынды.

Алғашқы екі отырыста Мейіржан Төребаев істі прокурорға қайтару туралы өтініш жасаған, өйткені тергеу, сотталушының пікірінше, дұрыс жүргізілмеген.

Ал бұған дейін прокурор бұл істе қате кетпегенін айтқан.

Еске салайық, 2022 жылғы 10 ақпанда вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты "Қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды