Талғар ауданында көптеген пышақ жарақаттары бар такси жүргізушісінің мәйіті табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері Кеңдала ауылының шетінен 37 пышақ жарақатын салып, такси жүргізушісін мерт қылған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талғар ауданы ПБ-ның мәліметінше, қылмыс алдын ала ойластырылған және ұқыптылықпен жасалған. Күдікті бір реттік абоненттік нөмірді, ұялы телефонды пайдаланып, тесетін және кесетін қарумен қаруланған, бос жерді әдейі таңдаған, осы жерден қашу жолдарын және марқұмның көлігін қайда қалдыруға болатынын білген.

Шабуыл жасаушының мұқият дайындалғанына қарамастан, ол Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі, «Мега» сауда үйінің маңында қолға түсті. Ол жеке себептерге байланысты кісі өлтіргенін мойындады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тұтқындау кезінде күдіктіден қан іздері бар киімі мен жиналмалы пышақ табылған.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды