14 жасар Заңғар Нұрланұлы 2022 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды

Сурет: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі
Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) "Жылдың үздік шетелдік ойыншысы" сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады әрі жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды, оған қоса Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті.


"Бұл марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Бапкерлерім мен үлкен қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтқым келеді. Алдағы жылы маған жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнауға тура келеді. Онда да намысты қолдан бермеймін".Заңғар Нұрланұлы

Өткен жылы бұл аталым бойынша тағы бір жерлесіміз Зара Дәркен үздік болған еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды