Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері атанды

Сурет: Zakon.kz
Әнші АҚШ-тың әйгілі университеті – Лос-Анджелестегі Нью-Йорк киноакадемиясында "режиссура" мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, бұған дейін биыл 178 қазақстандық шәкіртақы иегері атанатынын хабарлаған едік. 

"Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады. "Болашақ" стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады", - делінген “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ ресми Telegram-каналында.

2022 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды.

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды