Елена Рыбакина Дубайдағы уақытын қалай өткізгенін көрсетті

Сурет: instagram/lenarybakina
Уимблдон-2022 жеңімпазы, дүниежүзінің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы уақытын қалай өткізгенін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол фотоларын "#photodump Dubai" деген жазумен жариялаған. Онда спортшының жүгері жеп, попкорн ұстаған, суға түскен сәтін көруге болады.



Айта кетейік, Дүниежүзілік теннис лигасының командалық көрме турнирі Дубайда өтті. Hawks құрамында болған қазақстандық теннисші жеңімпаз атанды. 

Еске салайық, Елена Рыбакина 2022 жылғы қыркүйекте теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде жеңіске жетті. Ол — бұл турнирдің жеңімпазы болған қазақстандық алғашқы спортшы. 

Елена Рыбакина Мәскеуде туған, 2018 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды