БҚО-да шаруаның 300 га жері қайтарылды

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында шаруаға жері қайтарылып, мәселе оң шешімін тапты. Көктемде Жаңақала ауданының тұрғыны «Жалға алған жерімнің 300 гектарын бұрынғы аудан әкімінің баласы иемденіп кетті» деп шағымданған еді.

Құжат бойынша шаруанікі, ал жер кадастрінде басқа қожалықтың аты жазылып тұрған. Екі тарап бірнеше рет соттасып, ақыры бейбіт келісімге келді. Шаруаның жері түгенделіп, құжаттары заңдастырылды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

2022 жылдың көктем айында Ұлттық арнаға хабарласып, 300 га жерімді «Рашидов» шаруа қожалығынан ала алмай жүрмін, жерім көшіп кетті деген мәселемен хабарласқан едім. 2022 жылдың соңында менде жақсы жаңалық болып отыр. Осы жалға алған жерімді алып, өте қуанып тұрмын. Осыған атсалысқан «Qazaqstan» ұлттық арнасына үлкен алғысымды айтамын. Ағила Ақылбекова, шаруа қожалығының жетекшісі.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды