Алматылықтарға тауда қар көшкіні жүру қаупі бары ескертілді

Фото: zakon.kz
2023 жылдың 7-8 қаңтарында Алматы тауларында Үлкен және Кіші Алматы өзендері алаптарында қарқынды жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі өте жоғары. Бұл туралы Zakon.kz-ға қалалық ТЖД хабарлады.

Департамент "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертулерін негізге ала отырып, Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қауіпі жоғары екенін хабарлайды.  

Осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды:

- қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

- егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.

- егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын , қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.

- үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

- рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды