Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде Головкинге жақындады

Фото: zakon.kz
The Ring белгілі журналының сайты Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы енген рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалса, WBO белдігінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Бұрын үшінші орында тұрған Деметриус Андраде екінші орта дивизионға өтуіне байланысты рейтингіден шыққан. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылардың ТОП-10 келесідей:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан);

2 (2). Джермалл Чарло (АҚШ);

3 (4). Хайме Мунгия (Мексика);

4 (5). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);

5 (6). Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания);

6 (7). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы);

7 (8). Риота Мурата (Жапония);

8 (9). Сергей Деревянченко (Украина);

9 (10). Эрисланди Лара (Куба);

10 (-). Феликс Кэш (Ұлыбритания).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды