11 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер республика бойынша 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, ел аумағының басым бөлігінде арктикалық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз аязды ауа-райы сақталады.

"Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауып, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман болжанды"."Қазгидромет" РМК 

Синоптиктердің болжамынша:

Астана қаласы – көшпелі бұлтты, кей уақыттарда аздаған қар жауады. Батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 35-37°С, күндіз 26-28°С аяз болады.

Алматы қаласы – бұлтты, кей уақыттарда қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел соғады, күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз 10-12°С аяз, күндіз тағы суыта түседі.

Шымкент қаласы – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең кей уақыттарда қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16°С, күндіз 8-10°С аяз болады.


Алматы
Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды