Руслан Әйтімов Атырау прокуроры болып тағайындалды

Сурет: Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Бас прокурордың бұйрығымен Руслан Әйтімов Атырау қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Әйтімов 1981 жылы туған.

Прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді.

Қызмет жолында Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, Атырау облысы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокурорының көмекшісі,  Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Исатай ауданының прокуроры болды.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды