Қазақстанның төрт облысында қатты аяз сақталады

Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстандағы 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Себебі арктикалық антициклон әсер етеді.

"Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, аздаған қарлы боранмен жел күшейеді. Республиканың оңтүстік-шығысында - тұман"."Қазгидромет" РМК

Түнде солтүстікте, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының таулы аймақтарында 30-35 градусқа дейін өте қатты аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22°C, күндіз 15-17°C аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 23-25°С, күндіз 13-15°С аяз.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 24-26°С, күндіз 10-12°С аяз.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды