Украина мен Ресей омбудсмендері кездесті

Сурет: pixabay
Түркия астанасы Анкара қаласында Украина мен Ресейдің адам құқықтары жөніндегі омбудсмендері кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дмитро Лубинец пен Татьяна Москалькова кездесуіндегі негізгі мәселе - екі ел арасындағы тұтқын алмасу жайы және із-түзсіз кеткендер туралы деректермен алмасу болды.

Бұдан бөлек, омбудсмендер Ресей қарамағына өткен Украина қалаларында Ресейге қарсы саяси көзқарасы үшін сотталған азаматтарды босату мәселесін талқылады. Түркияда өткен «XXI ғасырдағы адам құқықтарының келешегі» форумы аясындағы үшжақты кездесуде, сондай-ақ 2014 жылдан бері Ресей аумағында сотталған Украина азаматтарын босату жайы да талқыланды, деп жазады qazaqstan.tv.

Тараптар Женева конвенциясына сәйкес жаралыларды ешқандай шартсыз қайтару үшін жаралы тұтқындар тізімімен алмасты.

Біз бұған дейін Лубинец мырзамен әскери тұтқындардың тізімімен алмасқанбыз. Содан кейін қорғаныс министрлігі және басқа да арнайы ұйымдардың көмегімен сол тізімдегі 40 украиналық әскери тұтқынды 40 ресейлік әскери тұтқынға алмастырдық. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береміз. Татьяна Москалькова, Ресей Федерациясының адам құқықтары жөніндегі омбудсмені

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды