Қазақстанда McDonald's орнына «Вкусно и Точка» ашылуы мүмкін

Сурет: mcdonalds.kz
2023 жылдың 5 қаңтарында McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатты. Арада екі апта өтпей жатып «Вкусно и Точка» азық-түлік желісі ҚР Әділет министрлігіне тіркелу туралы өтініш жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті өтініш ұзақ уақыт бойы қаралуы мүмкін екенін түсіндірді.

«Сарапшылық ұйым «Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан берілген «Вкусно и Точка» ауызша белгілері бар тауар таңбаларын тіркеуге өтінімдерді қарауда. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қосымшада «қазіргі таңда «Вкусно и Точка» белгісімен тауар белгісі Қазақстанның тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелмегені» атап өтілген.

McDonald's-тың жабылу тарихы 2022 жылдың 18 қарашасында басталды. Содан кейін Қазақстандағы McDonald's («Food Solutions KZ» ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатқаны белгілі болды.

Желтоқсанның 12-сі күні «Food Solutions KZ» ЖШС бас директоры Әсет Машановтың атынан компания қазақстандық бизнес қауымдастығына қазіргі геосаяси жағдай аясында жергілікті жеткізушілерді дамыту ұсынысымен жүгінді.

Ал 21 желтоқсанда McDonald's Қазақстан отандық өндірушілермен жұмыс істеу шартын жариялады.

Барлық келіссөздерге қарамастан, 5 қаңтарда McDonald's жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда жұмысын тоқтататыны туралы ресми мәлімдеме пайда болды.

11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов McDonald's-тың кетуіне реакция білдірді. Оның айтуынша, елімізде халықаралық брендтердің болғаны жақсы, бірақ фастфудтың адамға тигізетін пайдасы шамалы.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды