Алматы полициясы заңсыз айналымнан есірткінің ірі партиясы мен қару тәркіледі

Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы заңсыз айналымнан есірткінің ірі партиясы мен қару тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін ұсталды.

Полиция қызметкерлері 52 жастағы Р. есімді азаматтың пәтерінен есірткімен қатар, жасырын түсірілім мен телефонды тыңдауға арналған арнайы жабдықты тапты. Сол жерде ОСА травматикалық тапанша, пневматикалық автомат және қырлы қарудың белгілері бар алты түрлі пышақ табылды.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 2 келіден астам ерекше иісі бар қоңыр түсті зат, сондай-ақ қоңыр түсті ерекше иісі бар тұқым түріндегі зат салынған полиэтилен бумасы табылды және тәркіленді. Болжам бойынша мәселе гашиш есірткісі мен қарасора тұқымы туралы болып отыр. Есірткі қылмысы және қару сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны да ескерілетін болады, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Қазір тергеу күдіктінің шөпті қайдан алғанын және оны не үшін сақтағанын анықтап жатыр. Сонымен қатар қару-жарақ пен арнайы техникалық құралдарды сақтау мақсаты белгілі болады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды