Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 миллиард теңге ұрланған

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев «ArtSport» бағдарламасы бойынша 2022 жылы бөлінген 20 миллиард теңгенің 2,5 миллиард теңгесі ұрланғанын айтты. Сондықтан баланың келгенін жазып алатын арнайы QR-код енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл туралы ол 19 қаңтарда Алматы қаласы Алатау ауданында тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді.


Өткен жылы Алматыға 20 миллиард теңге бөлінді, оның 2,5 миллиард теңгесі ұрланған, бүгін біз барлығын, компанияларды сотқа бермекпіз. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Әкім сол себепті баланың келуін жазып алатын арнайы QR-код енгізілетінін айтты.

Биыл Алматыда 16 миллиард 200 миллион теңге бөлініп, қысқартылған жоқ, алты ауданның әрқайсысына 2 миллиард 350 миллион теңгеден бөлінді, балаларға мүмкіндік ашылды, бұған алаңдамаңыз. Ерболат Досаев

Желтоқсан айының соңында ArtSport бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізілді.

Бұған дейін Бас прокуратура 1,1 млрд теңгеге бюджет ақшасының ұрланғанын анықтаған болатын. Жемқор шенеуніктер іс жүзінде ешқайда кетпеген 6 мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға қабылдаудың схемасын әзірледі. Нақты қызмет көрсетуде де үлкен проблемалар болды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды