Ақсуда көршісінен кек алмақ болған тұрғын есігінің алдын бүлдірген

Сурет: pixabay
Ақсу қаласында көпқабатты үйде тұратын жігіт көршісінің тыныштықты бұзатыны туралы айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары құқық бұзушыны анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Сондай-ақ, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Алайда, біраз уақыттан кейін көршісі тағы да полицияға қоңырау шалып, дәл сол адам кіреберіс есігінің алдына дәрет сындырғанын айтып шағымданды. Жас жігітке қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жолданды, — деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Полицейлер бұл бапты бұзу жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды