Нұрсұлтан Назарбаев дәрігерлерге палау таратты ма- Юрий Пя жауап берді

Сурет: wikimedia
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия директоры Юрий Пя жүрекке сәтті жасалған операциядан кейін Нұрсұлтан Назарбаев емхананың барлық дәрігерлерін палау таратты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне сәтті жасалған отадан кейін барлық дәрігерлерге палау алып бергені туралы ақпарат тарап жатыр. Осы орайда журналистер мұның қаншалықты рас екенін сұрады.

"Білмеймін, өз басым аурухананың асханасына барып тамақтандым. Оның қазір қазанның қасында тұруға жағдайы да, мұршасы да жоқ деп ойлаймын". Юрий Пя

Сонымен қатар, кардиохирургтың айтуынша, процедура кезінде және одан кейін адам тамақ ішпеуге міндетті. 

Бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғаны хабарланған болатын. Оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, ота сәтті өтті, өмірге қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды