ШҚО құтқарушылары қар құрсауында қалған екі көліктен 7 адамды құтқарды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
22 қаңтарда сағат 05:40-та Зайсан ауданындағы Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік қар құрсауында қалып қойды, онда 7 адам болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келіп, Дайыр ауылына 4 адам, Зайсан қаласына 3 адамды аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салды. 

"Көлік қысқы жолға жабдықталмаса, қараңғы түскенде жолға шықпаңыз. Шығу қажет болса, тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыз. Автокөлік ауа райына сәйкес жабдықталуы керек. Бұл тек қысқы резеңкені ғана емес, сонымен қатар жүксалғышта күрек, кабель, фонарь, алғашқы көмек жинағын да алып жүру керек. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз", - делінген ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды