Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
23 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқарманың хабарламасында атап өтілгендей, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ақпараттандыру басқармасының бастығы міндетін уақытша атқарушы 20 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Яғни бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу шарттарын бұза отырып, өнім берушіден қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қою үшін айыпты. 

Антикорда атап өткендей, күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайды, деп қорытындылады баспасөз қызметі.

20 қаңтарда Қазақстан азаматының сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 12 миллион теңгеден астам ақша алғаны айтылған болатын. Ол облыс әкімінің экс-орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін осындай жомарт марапатқа ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды