Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатындағы жетістігі жөнінде пікір білдірді

Сурет: Instagram/australianopen
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда латвиялық Елена Остапенконы жеңіп, теннистен Аустарлия-2023 ашық чемпионатының еліміз бойынша алғашқы жартылай финалисті атанды. Кездесуден кейін қазақстандық спортшы ойыннан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі алғаш рет жекелей сында AusOpen чемпионатының жартылай финалына шықты.

"Ғажап атмосфера. Соңғы ойындарда толқыдым, жеңгеніме қуаныштымын. Біз матчты басқаша жағдайда (жаңбыр) бастап, басқаша жағдайда аяқтадық. Жаттықтырушылар штабына, отбасыма, жанкүйерлеріме алғыс айтамын, әдеттегідей олар мені қолдады. Олардың назары мен үшін өте маңызды. Қиын сәттерде соларды іздеймін, уайымдаймын. Жартылай финалға дайындаламыз, сәл кейінірек болашақ қарсыластарымның  финалға барар жолдағы ойынын тамашалаймыз. Елена Рыбакина

Елена Рыбакина Австралия чемпионатының финалына шығу үшін Джессика Пегула (АҚШ) мен Виктория Азаренка (Беларусь) кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады. Бұл кездесу 24 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 14:00-де өтеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды