Бокстан 2023 жылғы Азия чемпионатында Жасмин Кизатова мен Гүлсая Ержан чемпион атанды

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Жасмин Кизатова мен Гүлсая Ержан Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында (U-22) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасмин Кизатова (70 келі салмақта) қарсыласы өзбекстандық Азиза Зорикованы ұтты.


Рингке Жансаядан кейін шыққан Гүлсая Ержан (81 келі салмақта) қарсыласы болған тай қызы Порниппа Чутиден басым түсті.


Бұған дейін жартылай финалда жеңілгенімен, 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында мына қыздарымыз қола жүлдегер атанды: Мөлдір Тойкова (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі) және Дана Дидай (75 келі).

26 қаңтарда жігіттер Азия турнирінің "алтыны" үшін жұдырықтасады, финалда алты қазақстандық боксшы бақ сынайды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды