Қазақстанда көлікті заңдастыруға 13 мың өтініш мақұлданды

Сурет: pexels
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының алғашқы үш күнінде 13 мың өтініш мақұлданып, 900-ге жуық көлік иесі жаңа нөмірлерге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі таңда 13 мың өтініш алдын ала мақұлданды. 879 адам көлігін заңдастырудан сәтті өтті. Оларға қазақстандық техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірлер берілді". Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанға өзге елдерден әкелінген көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталды. Науқанға байланысты көлік иелеріне қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ережеге сәйкес, көлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі тиіс, ол соттылықта болмауы керек, басқа мемлекетте бұрын тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көлік міндетті түрде кедендік рәсімдеуден өтуі керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды