Димаш Құдайберген кіндік әке атанды

Сурет: Instagram/marlenaneska
Қазақстанға өз махаббат хикаясымен танымал болған атыраулық жұп Мәрлен мен Анель таяуда сәби сүйді. Көптен күткен сол балақанға Дінмұхаммед есімі берілгені, оған Димаш Құдайбергеннің өзі кіндік әке болғаны енді белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сүйінші ақпаратпен балақайдың анасы Instagram-дағы парақшасында бөлісіп, Димашпен түскен суреттерін де жариялады.

"Баламыздың кіндік папасымен алғашқы фотосы) Біздің Дималёктің кіндік папасына @kudaibergenov.dimash-қа көп рақмет, Димаш сияқты ел сыйлайтын жақсы, адал жан болсын", делінген жазбада.


Сурет: Instagram/marlenaneska


Айта кетсек, ару Анель 16 жасында қатты сырқаттанып, 7 жылға жуық өмір мен өлімнің арасында болды. Осы жылдар ішінде сүйіктісі Марлен оның жанынан бір қадам алыстаған жоқ. Ол Әнелді күтіп, 10 келілік оттегі баллонын көтеріп жүрді. Ғашығымен бірге ауруханада да жатты.

Олардың бұл хикаясы баршаға мәлім болып, жұртты сүйсінтті. Олар 2017 жылы Ернар Айдардың "Күнім, сен сөнбеші" атты бейнебаянына түсті. Бұл бейнебаян Youtube желісінде өте көп қаралым жинаған. 

  Ал Димаш Құдайберген бүгіндері Үндістанда жүр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды