Ақтауда жануарларды қорғаушылар шұңқырдан ондаған иттің өлексесін тапты

Сурет: видео кадры
Ақтауда 28 қаңтарда кешке жануарлар құқығын қорғаушылар өлтірілген иттердің видеосын жариялады. Олардың айтуынша, иттер Мұнайлы ауданында атылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мен, жануарларды қорғаушы және адекват адам ретінде дәрілеп тазалауға бөлінген қаражат сол мақсатқа пайдаланылмай, шенеуніктердің қалтасына түсіп жатыр деп есептеймін. Ештеңе жасалып жатқан жоқ, - дейді жануарларды қорғаушы Татьяна Ткач.

Олар итті атқандарды да фото-видеоға түсіріп алған, ал олардың тіркемесінде өлтірілген бірнеше ит болған. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Суретті жануарларды қорғаушылар түсіріп алған

Бұған қоса, билік 2011, 2015, 2020 және 2022 жылдары Ақтауда жануарларға арналған крематорий сатып алғанын хабарлаған. Алайда бүгіне дейін оның жұмыс істеп тұрғанын ешкім көрмеген.

Жануарларды қорғаушылар облыс әкімдігі мен полицияның бұл жайтқа назар аударуын сұрайды.

"Оларды өртемейді, жерлемейді, бірақ оларды сасытып, түрлі инфекция таратсын дегендей қала сыртына лақтырады. Шынымды айтсам, бұл - барып тұрған бассыздық. Олар жануарлардың өлексесін пайдаға жарата алмаса, онда олардан басқа не талап ете аламыз?", - деп жазды блогер Азамат Сәрсенбаев.

Екі күн бұрын жануарларды қорғаушылар Мұнайлы ауданында иттерді атуға қарсы шығып, шенеуніктерден қатыгездікті тоқтатуды талап еткені туралы хабарланған еді. Ал әкімдік "иесіз иттер тым көбейіп кетті" деп жауап берген.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды