Қырғызстан билігі премьер-министрдің жеке басына тиіспеуді ескертті

Сурет: facebook.com/daiyrbek.orunbekov
Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің басшысы Дайырбек Орынбеков әлеуметтік желілерде үкімет басшысы Ақылбек Жапаровқа жабылып жатқан жалалар ешқандай фактімен расталмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Дайырбек Орынбеков Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Әлеуметтік желілерде министрлер кабинетінің төрағасы - президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровқа "блогер" тарапынан негізсіз жала жабылып жатқаны байқалады. Ақылбек Жапаров мемлекеттік қызметтің барлық деңгейін жүйелі түрде өткен белгілі мемлекет қайраткері. Ол күшті дағдарыс менеджері ретінде танымал, оның арқасында бірқатар салада мемлекеттік бюджет, жалақы және әлеуметтік төлемдер өсті", - деп жазды ол. 

Дайырбек Орынбеков мемлекеттік қызметкерлер ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауға әрдайым дайын екенін айтып, ал әлеуметтік желі қолданушыларын шенеуніктердің жеке басын қорламауға үндеді.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды