Индонезияда өтіп жатқан тапаншамен нысана көздеуден әлем кубогінде екі жерлесіміз қола жүлдегер атанды

Сурет: kazsports.kz
Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем кубогі өтіп жатыр. Қазақстанның атынан сынға түскен Валерий Рахымжан мен Ирина Юнусметова пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеу сайысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты жариялаған ақпаратқа сүйенсек,
Джакартадағы бәсекеге барлығы 15 қазақстандық спортшы аттанды. Олардың бәрі Әлем Кубогі қарсаңында 10-26 қаңтар аралығында Кувейтте өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

Қазақстан құрамасы аралас жұптар арасындағы жүлдеге таласта Оңтүстік Корея спортшыларын 16-10 есебімен жеңді. Екінші қола Аустрия мергендеріне бұйырды.

Кеше Валерий Рахымжан пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуден жекелей сында 4-орын алған еді. 

Қазір Қазақстан және Польша құрамасы жалпы есепте 2 медальмен (1 күміс, 1 қола) 7-орында тұр.

Индонезиядағы сайыста (31 елден, 300-ге жуық спортшы келген) рейтинг ұпайлары сарапқа салынып жатыр. Ал бұл ұпайлар кейін Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік береді.

Әлем Кубогі 7 ақпанда мәресіне жетеді.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды