1 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер республика бойынша 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сүйенсек, еліміздің солтүстік, шығыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты қар жауып, тұман болады.

"Республикамыздың оңтүстік аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей уақыттарда жауын-шашын (қар, жаңбыр)  қатты жауады."Қазгидромет" РМК

Синоптиктер Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, тұман, көктайғақ болатынын болжады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауыспалы бағыттағы жел, күші 1-6 м/с. Ауаның температурасы түнде -24-26°С, күндіз -12-14°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз +3+5 болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +10+12°С болады.


Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды