Семейде жеңіл көлік шұңқырға аударылып кетті

Сурет: видеодан скриншот
1 ақпан күні Семей қаласының Қабанбай батыр көшесінде жеңіл көлік шұңқырға аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Police_of_kz Telegram арнасының жазуынша, ВАЗ көлігі бұрын сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілген шұңқырға аударылып кеткен. Полиция өкілдерінің айтуынша, 44 жастағы жүргізуші жолда қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамаған.

 Зардап шеккендер жоқ.


Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы "Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Аталған бұзушылық ескертуге немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды