Шымкент тұрғыны кәсіп ашамын деп қомақты қаражатынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Абай ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз арызында бейтаныс азамат келіп, 2022 жылдың сәуір айында “Қошқар ата” демалыс аймағында балмұздақ сататын орынды заңдастырып беремін деп сеніміне кіргенін, осылайша алаяқтық жолмен алдын ала 500 мың теңге алып кеткенін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктінің “ізін суытпай” тәулік ішінде қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жоғары білімді, уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған. Тергеу кезінде ұсталған азамат ойланбай жасаған әрекетінің соңы қылмыстық жазамен аяқталатынын білмегендігін алға тартып, бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды