Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлері теннисшілерімізге қолдау көрсетті

Сурет: Instagram/ktf.kz
Осы демалыс күндері теннистен Қазақстан құрамасы Чили құрамасымен Дэвис кубогы үшін матч өткізді. Теннисшілерімізді қолдауға әнші Димаш Құдайбергеннің 30-дан астам жергілікті жанкүйері келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайбергеннің чилилік фан-клубы Қазақстан құрамасының өкілдеріне екі күн бойы қолдау көрсетті. Жанкүйерлер арасында әйелдер де, ерлер де бар.

Сурет: Instagram/ktf.kz

Олардың көбі әншінің Астана, Нью-Йорк, Мюнхен, Прага және басқа да қалалардағы концерттерін тамашалаған. Олар Димаштың әндерін музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды. Қазақстандықтардың келуіне арнайы олар Kazajistan, pueblo valiente ("Қазақстан, қайсар халық") әнін жазып, шырқады.

Қазақстан тарапы ойынға Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлерін шақырып, оларға Қазақстанның туы мен басқа да кәдесыйлар үлестірді. Олар қазақстандық жанкүйерлермен бірге теннисшілерге қолдау көрсетті. Ал бірінші ойын күнінің соңында ол Қазақстан құрамасының ойыншыларымен фотосессия ұйымдастырды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды