Украинаның Донецк облысында қиянкескі ұрыс жүріп жатыр

Сурет: pixabay
Украинаның Донецк облысында қиянкескі ұрыс жүріп жатыр. Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей елге басып кіргеніне 1 жыл толар алдында шабуылды күшейткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Мәскеу ақпараттық жағынан да қысымды арттырғанын мәлімдеді.

Басқыншылар ақпанда символдық әрекет жасауды жоспарлап отыр деген мәлімет бар. Былтырғы жеңіліс үшін кек алуды көздейді. Майданның түрлі бөлігінда, ақпарат кеңістігінде қысым артып отыр. Дегенмен жағдай қаншалықты қиын болса да, төзу керек. Владимир Зеленский, Украина президенті.

Ресми Мәскеу де Бахмутта Украина әскерін бірнеше бағыттан ығыстырғанын мәлімдеді. Бұған қоса, олар мұнда Украина күштеріне құрал-жабдық жеткізетін жолды бақылауға алуға тырысып жатыр.

Британия барлаушыларының дерегіне сай, Ресей күштері алдағы 10 күн ішінде ірі шабуыл бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды