Қазақстандық туристтер жел сілкінісі болған Түркия еліне сапарын кейінге қалдыруға асығар емес

Сурет: pixabay
Түркияға турлар сатып алған қазақстандық туристтер әзірге Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Туризм комитетіне турларды тоқтату немесе қайта брондау туралы өтініш берген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, тілек білдірушілер туристік пакеттен бас тарта алады. Ол үшін туроператорларға хабарласу керек. Олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызмет көрсету шарттарында көрсетілген қазірдің өзінде жұмсалған шығындарды алып тастап, қайта есептеу жүргізуі керек.

"Туроператорлар демалыс күндерін кейінге қалдыру, бағыттарды, қабылдаушы елдерді өзгерту сияқты басқа да нұсқаларды ұсына алады", – деді Мөлдір Әбдуалиева.

Бүгінгі таңда Түркияның курорттарында Қазақстаннан 254 турист бар.

Туристік агенттіктердің бірі Zakon.kz сайтына қазақстандықтар қазір негізгі демалыс орны ретінде Анталия жағалауын таңдап жатқанын айтты. Компанияның мәліметінше, курорттық қалада жағдай тыныш.

6 ақпан күні таңертең Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір жойқын  сілкінісі тіркелді.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды