Түркияда қаза тапқан қазақстандықтардың мәйіті Алматыға жеткізілді

Сурет: ашық дереккөз
Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қаза тапқан отандастарымыздың денесі Антакья қаласынан Антальяға жеткізіліп, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Мемлекет тасымалдау бойынша барлық шығынды өз мойнына алды", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ал Мирболат Құрмашевтің ағасы Алмат Құрмашев марқұмның жаназаcы Алматыда жексенбі, 12 ақпанда шығарылатынын хабарлады.

Еске салайық, Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен қазақстандық Әділ Қадырбековтің денесі 9 ақпанда, ал Мирболат Құрмашевтің денесі 10 ақпанда үйінді астынан табылды. 

8 ақпанда үйінді астынан Сәбина Мамадиярова аман-есен табылған еді. Оның қолы сынған, 10 ақпанда Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың қолына ота жасалғанын хабарлады.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды