Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев түрмеден босатылды

Сурет: president.kg
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа колониядан босатылып, емделуге кетуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg басылымының хабарлауынша, криминалдық авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босату фактісі бойынша Атамбаевқа қатысты қылмыстық іс Ішкі істер министрлігіне қосымша тергеуге жіберілген.

Мұндай шешімді Бішкектің Первомайский аудандық соты қабылдағаны нақтыланды. Осылайша тергеуші бұрынғы мемлекет басшысына қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотқа өтініш бере алады.

Алдын ала мәлімет бойынша, сот Атамбаевқа елден кетуге рұқсат берді. Мұндай шешім оның сырқатына байланысты қабылданған. Өз кезегінде дереккөз ТАСС агенттігіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Мен бүгін босадым, енді үйге барамыз", - деді ол.

2020 жылы Атамбаев мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырумен 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдар аралығында басқарған.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды