Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікірін айтты

Садыр Жапаров. Сурет: akorda.kz
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Испанияға емделуге баратын экс-президент Алмазбек Атамбаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров халық сот шешіміне бағынуы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы "Кабар" хабарлады.

"Ең бастысы, біз заң бойынша өмір сүруді үйренуіміз керек. Былтыр сот оны қазан айындағы оқиғалар, мектеп салу, шетелдік азаматтарға төлқұжат беруге қатысты қылмыстық істер бойынша ақтады. Сол кезде де сот шешімімен келісуіміз керек екені айтылды. Біз келісеміз".Садыр Жапаров

Жапаров түрме жазасын тіпті жауына да тілемейтінін айтты.

Алмазбек Атамбаев 2023 жылғы 14 ақпанда босатылды. Босатылғаннан кейін ол президент Садыр Жапаровқа және ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиевке алғысын білдірді. 

2020 жылы Атамбаев 11 жыл, екі айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды