9 өңірде тұман, көктайғақ пен жаяу бұрқасынға байланысты дауылды ескерту жасалды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" бүгін, 16 ақпанда республиканың тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысында қалың қар жауады, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысында да қалың қар жауады. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-18 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысында тұман болады.

Қарағанды облысында да тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 18 м/с. 

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды