Бұрынғы президент көмекшісі Қанат Шарлапаев "Атамекен" ҰКП төрағасы болып сайланды

Канат Шарлапаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 13:04 Фото: primeminister.kz
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Атамекен" президиумының жаңа төрағасы ретінде бұрынғы президент көмекшісі Қанат Шарлапаев тағайындалды. Ол бұл лауазымда Раимбек Баталовты алмастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа төраға 2026 жылғы 23 қаңтарда Ұлттық палата XIII съезінде сайланды.

Раимбек Баталов ҰКП президиумының төрағасы лауазымын 2022 жылғы ақпаннан бастап атқарған.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы 9 шілдеде Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген. Ол Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін "Есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген, кейін Ұлыбританиядағы Cranfield School of Management-де "Қаржы және басқару" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2006 жылы "Сити" инвестициялық банкі (Ұлыбритания, Чехия) қызметінде бастаған, 2015 жылға дейін сол жерде жұмыс істеген. 2015–2020 жылдар аралығында "Ситибанк Қазақстан" және "Ситибанк Ресей" компанияларында әртүрлі лауазымдарды атқарған. 2020–2022 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау бойынша аймақтық директоры болған (БАӘ).

2022 жылғы ақпаннан бастап "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарған. 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарған.

2025 жылғы 25 қаңтарда Регби федерациясын басқаруға тағайындалып, 28 ақпанда президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалған.

2025 жылғы 25 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Шарлапаевты президенттің көмекшісі лауазымынан босатқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: