Астанада қар күреу жұмыстарына 3 мыңнан астам жұмысшы мен 1 300 техника жұмылдырылды

Астанада алғашқы қар жауған сәттен бері қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар күреу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қыс мезгілі басталғалы бері қала аумағынан жалпы 3 млн 78 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 11:13 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада алғашқы қар жауған сәттен бері қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар күреу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қыс мезгілі басталғалы бері қала аумағынан жалпы 3 млн 78 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде арнайы полигондарға 1 365 ауыр жүк көлігімен шамамен 20 787 текше метр қар шығарылды. 23 қаңтар күні таңғы сағаттардан бастап қар күреу жұмыстарына 3 063 жол жұмысшысы мен 1 304 арнайы техника жұмылдырылды.

Басты назар бірінші кезекте негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жүретін бағыттарға аударылған. Кейін қозғалысы орташа аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазалануда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде.

Аулада тазалықты сақтау пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелері бірлестіктерінің міндетінде. Олар аулаларды қар мен көктайғақтан уақытылы тазалап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда абай болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: