Шымкентте жалға алушы үй иесінің ұлын пышақпен ұрған

Сурет: unsplash
Оқиға түнгі уақытта орын алған. Жалға берушілермен ортақ аулада бөлме жалдап тұратын 52 жастағы азамат масаң күйде үй иесінің ұлынан өзін белгілі мекенжайға апаруын өтінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолда ер азамат көлікті дүкен алдына тоқтатуды сұрап, жүргізушінің анасы оған қарыз екенін айтып, ақшаны қайтаруды талап ете бастаған.

Жігіттің қарсы жауабын естіген қаскүнем қалтасынан ас үй пышағын шығарып жәбірленушінің кеуде тұсынан ұрып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ауыр жарақат алған жігіт ауруханаға түсті.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) іс тіркелді. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қала аумағында қолға түсірді.

Іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот үкімімен айыпталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды