Жуырда карьерасын ресми аяқтаған Ольга Рыпакованың атындағы халықаралық турнир өтеді

Ольга Рыпакова. Сурет: Жеңіл атлетика федерациясы
Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне жеңіл атлетикадан бір күндік халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz-тің хабарына қарағанда, жарыс 2023 жылғы 18 қазанда өтеді.

Бұл турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Армения спортшылары қатысады. Медальдер 11 дисциплина бойынша ойналады.

Еске салайық, 2023 жылғы 12 ақпанда Ольга Рыпакова спорттағы кәсіби карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. 

Ольга Рыпакова - қазақстандық жеңілатлет, үш қарғып секіруден бірнеше дүркін Олимпиада,жүлдегері. Оның қоржынында 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола, 2012 жылғы Лондон Олимпидасының алтын және 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдесі бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды