Ақмола облысында автокөлік жүріп келе жатқан пойызға соғылды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында автокөлік Бурабай – Шортанды учаскесінде шлагбауымның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кетіп, пойызға соғылды, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенек,  20 ақпаны сағат 6.45-те Ақмола облысының Бурабай – Шортанды учаскесінде автомобиль жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. 

Сурет: polisia.kz

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші жұмыс орнында болған.

ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдері арқылы өту кезінде мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

"Жол апаты салдарынан Jiefang көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты: 1975 жылы туған әйел мен 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де елорда тұрғындары. Тағы үш жолаушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: polisia.kz



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды