Шымкенттік оқушы Канадада хоккейден өткен ірі турнирде үздік бомбардир атанды

Сурет: pixabay
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Канаданың Квебек қаласында өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament беделді халықаралық турниріне қатысты. Отандасымыз Александр Ким Канададағы Pee-Wee хоккей турнирінің үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының негізін Алматы клубтарының жас хоккейшілері құрады. Турнирге Шымкент қаласының "Тұран" балалар хоккей командасынан екі ойыншы – қорғаушы Айсұлтан Майсақан және шабуылшы Александр Ким қатысты, деп хабарлайды OTYRAR.

Сергей Шавернев бастаған команда 7 ақпанда Канадаға ұшып кеткен, ал турнир 10 ақпанда басталды. 13 ақпанда хоккейден Қазақстан құрамасы үшін өткен матчта Алексей Ким 3 шайба соқты. Онда да хоккейдің майталманы - Канада құрамасының қақпасына.

Сол күні бастапқы кездесуде қазақстандық құрама канадалық haute-Beauce Lynx командасын 9:2 есебімен жеңіп кетті.


Сурет: otyrar.kz


Алексей Ким - Шымкенттегі мұз сарайында Жанат Берікұлы Байдеудегі "Тұран" хоккей командасы сапында жаттығады. "Тұран" командасы - жыл сайынғы ҚР чемпионаттарының, Бішкек, Ташкенттегі халықаралық турнирлердің қатысушысы және жүлдегері. Александр Ким - "Тұран-2010" командасының капитаны.

Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament беделді халықаралық турнирі 11-12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы клубтық командалар арасындағы әлем чемпионаты болып саналады. 

Жарысқа әлемнің 28 елінен келген хоккейшілер қатысып, Қазақстан құрамасы турнир чемпионы атанды.


Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды