Байден Путинмен қару-жарақтарды шектеулер жайын талқылауға дайын екенін айтты

Сурет: Twitter/JoeBiden
АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Президенті Владимир Путинмен "кез келген уақытта" қару-жарақтарды шектеулер жайын талқылауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК-ның мәліметінше, Путин бұған дейін АҚШ-пен жасасқан Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды одан ары қысқарту жөніндегі шаралар туралы шарттан (СНВ-ІІІ) шыға тұратынын жариялаған болатын. Сондай-ақ, ол Қорғаныс министрлігі мен Росатомға Ресейдің ядролық қаруды сынауға дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды, егер оны АҚШ бірінші болып сынайтын жағдайда.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің бұл шешімін өкініш тудыратын қадам деп атады.

Ресей Федерациясы мен АҚШ арасындағы Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды одан әрі қысқарту жөніндегі шаралары туралы келісімшартқа Дмитрий Медведев пен Барак Обама 2010 жылы 8 сәуірде Прагада қол қойды. Ол 2011 жылдың 5 ақпанында күшіне енді.

АҚШ
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды