Дубайдағы турнирдің бел ортасында Елена Рыбакина өз ойынын доғаруға мәжбүр болды

Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол жарақатына байланысты аталған жарыстағы өз ойынын үзуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Елена Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек болған (6 WTA). Алайда отандасымыз арқасындағы жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, К.Гауфф автоматты түрде ширек финалға өтті.

Сондай-ақ Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сындағы матчтан да сырт қалды.

Рыбакинаның наурыз айында АҚШ-та өтетін "Мастерс" жарыстарында төбе көрсететіні де айтылады.

Айта кетсек, Елена Рыбакинаның Дубайда АҚШ чемпионы атағын ұтып алған болатын. 

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды